"Вираж" компаниялар тобы ҚАИК, СемАЗ және ГАЗ еншілес кәсіпорындарымен серіктесе отырып, Астанада 21-23 қыркүйек аралығында "EXPO"ХВО алаңында өткен машина жасау және металл өңдеу бойынша ең ірі халықаралық мамандандырылған көрме - Kazakhstan Machinery Fair 2022 көрмесіне қатысып өз көрнекі стендін ұсынды. Айта кетейік, бұл Қазақстанның машина жасау индустриясындағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі, оның аясында - 4000 кәсіби сарапшының қатысуымен 50-ден астам іскерлік іс-шара өткізіліп, әлемнің 17 елінен 250-ден астам экспонент қойылды.

"Вираж" КТ сарапшылары көрмеге келушілер мен стенд қонақтарын жетекші ГАЗ, Shacman, Беларус брендтерінің коммерциялық, ауылшаруашылық және мамандандырылған техникаларының кең топтамасымен таныстырды. Барлық шығарылатын және сатылатын техниканың тұсаукесерін өткізіп, жүк автомобильдерінің, аз тонналы автобустардың, коммерциялық және мамандандырылған көлік құралдарының техникалық сипаттамаларымен таныстырды.

Сонымен қатар, көрмеге келушілер компания ұсынған қаржы құралдарымен және олардың Қазақстан нарығында да, Орталық Азия елдерінде де іске асырылу тәжірибесімен танысты. Стендте Қазақстанда алғаш рет жаңа Газ Соболь NN 2023 автокөліктерінің прототиптері, орташа төбесі бар тұтас металл жүк фургоны түрінде ұсынылды. Қазақстандық тұтынушылар үшін Соболь NN 2023 маркасына тапсырыстар мен жеткізілімдер келесі жылдың 2 -ші тоқсанында қолжетімді болады.

Сондай-ақ, көрмеде маршруттық автобустың прототипі мен жедел медициналық жәрдем көлігі Газель NN топтамасының жаңа буыны ретінде ұсынылды. Көрме барысында компанияның топ-менеджерлері В2В форматында екіжақты сессиялар өткізумен қатар, автотехниканы жеткізуді кеңейту бойынша мүдделі компаниялармен ынтымақтастықты дамыту турасында тиімді байланыс орнатуды жолға қойды.

Павильонға алғашқы келушілердің қатарында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев болды, олар Қазақстанда жүк техникасы өндірісін дамыту үшін қажетті қадамдарды талқылады.

- Бұл алаң бізге әрқашан тиімді кері байланыс пен нарықтың барлық ойыншыларымен байланыстырып, сонымен қатар мемлекетте болып жатқан өзгерістерді дер кезінде саралап отыруға мүмкіндік береді. Басқа компаниялардың жетістіктерін бағалауға, жаңа технологияларды білуге және одан әрі жұмыс істеу үшін қажетті мол ақпарат береді. Біз нарықтың барлық талаптарына сай болуға және жыл сайын ұсынылатын өнім желісін кеңейтуге тырысамыз. 30 жыл бойы біздің компания қазақстандық автоөнеркәсіптің дамуына өз үлесін қосып келеді, бүгінгі таңда біздің еншілес кәсіпорындарымыз ел экономикасының драйверіне айналды. Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта тек ауқымды болады, ал біз ұсынатын брендтер мен қызметтердің сапасы мен түрлері клиенттеріміздің барлық қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады, - деп түйіндеді "Вираж" КТ Бас директоры Ермек Ескергенов.

Другие новости

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+