Car Dealer        

 


2007 жылы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласындағы «СемАЗ» ЖШС-нің өндірістік алаңдарында Daewoo автобустарын өндіру зауытының ашылу рәсімі өтті.  

Daewoo Bus Kazakhstan өндірісінің ашылу рәсіміне Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов, Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков, Корея Республикасының ҚР-ғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Иль Су, Daewoo Bus Corporation басшылығы Байк Санг Хак төрағасымен бірге, «СемАЗ» ЖШС-нің директорлар кеңесінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов, сонымен қатар «Вираж» холдингінің бас директоры Владимир Котельников қатысты.  

Ашылу рәсімінің соңында зауыт жұмысшылары кәсіпорында құрастырылған алғашқы DAEWOO автобустарының бірін Семей балалар интернатына сыйға тартты. 

DaewooBusKazakhstan автомобиль зауытын құру ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Даму Стратегиясында қойылған мақсаттарға толық жауап береді. Бұл - елде экспортқа бағдарланған экономиканың шикізаттық емес секторының жоғары технологиялық өндірістерін қалыптастыру. Басты мақсат - Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін дамыту, оған жетуге автобус зауыты ықпал етеді.  

Бұл өндіріс Қазақстанда импортталатын машина жиынтықтарынан тораптар мен агрегаттарды құрастыруды ғана емес, сондай-ақ шанақтарды құрастыру-пісіруді және сырлауды қамтитын толық циклді бірінші автоқұрастыру кәсіпорны болды. БК-дағы инвестициялар 5 млн.долларды құрады. Инвестиции Зауыттың өндірістік қуаты жылына 1200 автобусты құрайды.  

«DaewooBusKazakhstan» ЖШС-нің тең құқықтарда құрылтайшылары қазақстандық «Семипалатинский автосборочный завод » ЖШС және кореялық DaewooBusGlobalCorporation компаниясы болып табылады 

Осы кәсіпорынды құру республикамыздың экономикасына 2,5 млн. доллар сомасында шетелдік инвестициялар тартуға мүмкіндік берді.  

Қазақстан Республикасында автобус өндірісін құрудың бастамашысы автотехниканың қазақстандық  ірі импорттаушыларының бірі – «Вираж» холдингі болды. Әлемдегі жетекші автобус өндірушілерінің бірі болып табылатын DaewooBus компаниясы Қазақстандағы жаңа құрастыру кәсіпорнының жобасын таңдап, оны бұрыннан бар ресейлік автозауыттардың бірін жаңғырту жөніндегі ұсыныстардан артық көрді. Кореялық компания жоғары әлемдік деңгейде автобустардың ең соңғы модельдерін шығаруға қабілетті толығымен жаңа жоғары технологиялық өндірісті құруға мүдделі болды. 

Қазақстандық жобаны таңдауда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде мемлекет ұсынатын кеден және салықтық жеңілдіктер өз рөлін атқарды, ал Семей қаласында зауыт құрылысын таңдауға келесідей факторлар әсер етті: 

  1. Қолайлы географиялық орналасуы
  2. Көлік логистикасының тиімді схемасы    
  3. Кадрлық базаның болуы

Қазақстандық өндірістің DAEWOO автобустары 2007 жылдың төртінші тоқсанында сатылымға түсті.   Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі «Вираж» холдингінің кең сауда желісі арқылы автобустарды сатумен айналысатын «Меридиан Авто» компаниясы болып табылады. 

DaewooBusKazakhstan өнімдерін ТМД елдеріне - Ресейге, Украинаға, Әзірбайжанға және Орта Азия нарықтарына экспорттау жоспарлануда. Шығарылған автобустардың жартысынан астамы Ресей нарығына «ПКФ «Алтайавтоспецмаш» ЖШҚ арқылы экспортталатын болады - Ресейдегі «DaewooBusKazakhstan» ЖШС-нің ресми дистрибьюторы.     

2009 жылы 18 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. 

 

 

 

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+