Қарағанды облыстық жедел жәрдем станциясының паркі «В» санатындағы 35 жаңа арнайы машинамен толықтырылды, оның бесеуі - реанимобильдер. Жаңа арнайы жедел жәрдем көліктерін құрастыру Қазақстанда «Вираж» компаниялар тобының құрамынындағы «ГазАвто» кәсіпорнының базасында жолға қойылған. Арнайы техника науқастарға шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша барлық қажетті медициналық құралдармен толық жабдықталған.
Жалпы, «Вираж» компаниялар тобының еншілес кәсіпорны базасында бірнеше жыл бойы «В» санаттағы ГАЗель Next жедел жәрдем автокөліктері, оның ішінде мамандандырылған - неонаталдық реанимация, кардиореанимация, сондай-ақ осы көліктерге қойылатын барлық талаптарға сәйкес «Медициналық қызмет» көліктері құрастырылады. Кәсіпорын мамандары науқастарды жедел түрде тасымалдауға бейімделген арнайы жиһаз және кез-келген медициналық жабдықтың қажетті жиынтығын сұраныс бойынша үйлестіріп, орналастырады.
ГАЗель Next базасындағы жедел жәрдем көліктері дәрігерлер мен фельдшерлердің шалғай өңірлердің жағдайында шұғыл жұмыс істеуі мен тамақтануы үшін барлық қажетті талаптар мен нормаларға сай келеді.
Стандартты модификациялардан басқа, кәсіпорын мамандары тұтынушыларға әрқашан пластикалық әрлеу элементтері бар заманауи эргономикалық интерьерді ұсына алады. Компанияның маңызды басым бағыттарының бірі -әлеуметтік жауапкершілік болып табылады, сондай-ақ кәсіпорын бірнеше жылдар бойы елдің стратегиялық және әлеуметтік маңызы бар нысандарының арнайы көлік паркін жаңартуға үздіксіз үлес қосып келеді.
«Қазақстанның санитарлық көлік паркін жаңарту қажеттілігі еліміздің барлық өңірлерінде бар. Пандемия жылдарында да, қазір де елдің медициналық қызметтері күн сайын адамдардың өмірін арашалаған күресте алдыңғы сапта тұрғанын бәрімізге белгілі. Осы қажеттілікті ескере отырып, «Вираж» КТ әрқашан әлеуметтік қызметтерге қолдау ретінде жеңілдікті бағдарламаларды енгізуге тырысады. Бұл жолы жоба өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы лизингке жаңарту бағдарламасы аясында жолға қойылды. Біз бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың мүдделі өкілдеріне лайықты жеңілдетілген бағдарламаларды ұсынып, көлік паркін жаңартуда сарапшылық кеңес беруге әрқашан дайынбыз», - деп түйіндеді «Вираж» КТ Бас директоры Ермек Ескергенов.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркі 2017 жылы жаңартылған болатын. Сол кезде 35 арнайы көлік сатып алынды, оның ішінде – 27 бірлігі реанимобиль. Жедел жәрдем станциясының бригадалары күніне орта есеппен 600-ге жуық қоңырау қабылдайды. Вирустық аурулар маусымында қоңыраулар саны күн сайын 1000-ға дейін артуы мүмкін. Күніне бір көлік орта есеппен 200 шақырымға дейін жүреді. Жедел жәрдем көліктерінің жұмыс ресурсы шамамен алты жылды құрайды.
Автопаркті жаңарту сұрақтары бойынша барлық мүдделі тұлғалар еліміздің кез-келген өңірлеріндегі «Вираж» КТ дилерлік орталықтарына жүгіне алады.