Бөліп төлеу бағдарламасы одан да қолжетімді және тиімді болды.
ҚР Конституциясы күніне орай "Вираж" компаниялар тобы қазақстандық автосүйгіштер үшін ГАЗ, МТЗ, УАЗ, Bestune және XCMG брендтерінің барлық модельдік топтамасына "0% бөліп төлеу" жедел акциясын іске қосады.
Акция шарттары:
- Бастапқы жарна-50%;
- Бөліп төлеу мерзімі-12 ай;
- Артық төлем-0%
Науқан 18-ші тамыздан басталып, ағымдағы жылдың 10-шы қыркүйегіне дейін жалғасады. Бөліп төлеу қызметін "Вираж" компаниялар тобының еншілес кәсіпорны - техниканың барлық түрлері бойынша лизингтік қызметтер көрсетуге мамандандырылған "Комтранслизинг" ЖШС компаниясы ұсынады. Сіз компанияның бүкіл Қазақстан бойынша 17 өкілдігінің кез келгенінен бөліп төлеу бағдарламасы бойынша техника сатып ала аласыз.
"Акция жеңіл коммерциялық көлік пен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды ынталандыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы экономикасының өндірістік және көлік секторларын дамытуға бағытталған. "Вираж" компаниясынан бөліп төлеу бағдарламасы кәсіпорындарға көлік құралдарын сатып алуға және көлік парктерін жаңартуға, қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ салық және жедел шығындарды азайтуға нақты мүмкіндік беретін ең тиімді қаржы құралдарының бірі болып табылады," - деп түйіндеді "Вираж" компаниялар тобының бас директоры Ермек Ескергенов.
Автокөлікті сатып алу үшін бүкіл Қазақстан бойынша дилерлік желінің кез келген автосалонына барып қажетті ақпаратты алу жеткілікті. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін құжаттардың ең аз пакеті қарастырылған. Науқан шарттары мен автокөлікті таңдау туралы толық ақпаратты компания өкілдерінен жергілікті автосалондарда нақтылауға болады.