«Вираж» КТ Қазақстан нарығына AITO Luxury брендін шығарып отыр. «Вираж» «Seres International Electric Vehicle» Corporation компаниясымен стратегиялық келісімді жасаса отырып, Қазақстанда AITO Luxury брендінің ресми өкілі болғанын мақтана хабарлайды.

Технологиялық инновациялар мен сәнділіктің үйлесімімен танымал AITO бренді Қазақстан нарығына алғаш рет шығып отыр. «Вираж» компаниялар тобы брендтің бірқатар модельдерін ұсыну құқығын алды, олардың арасында:
• Ультразаманауи жарақталған AITO 9 (5 және 6 орындық нұсқалары) мәртебелі толық өлшемді жол талғамайтын көлігі;
• Сәнді, қауіпсіз, сыйымды AITO 7 кроссовері (5 және 6 орындық нұсқалары);
• Шапшаң орташа өлшемді AITO 5 кроссовері.  

Модельдердің әрқайсысы заманауи технологияларды, әдемі дизайнды және барып тұрған жайлылықты іске асырады. Барлық автомобильдерге кепілдік беріледі: 2 жыл немесе 100 000 км жол жүру (электр компоненттеріне кепілдік – 4 жыл).

Біздің мамандар AITO автомобильдеріне сервистік қызмет көрсетудің барлық аспектілері бойынша оқудан өтіп қойды. Бұл кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін, клиенттерді сапалы сүйемелдеуді және техникалық мәселелерді жылдам шешуді қамтамасыз етеді.

«Вираж» КТ АІТО бағытының директоры Борис Сасин: «АІТО маркасын қазақстандық нарықта дамыту жоспарларымыз зор. Бренд автомобильдері ең талғампаз клиенттердің арасында өз табынушыларын табатынына сенімдіміз. Бренд Қытайда өзін танытып қойған: AITO 9 моделі C-NCAP* рейтингінде 93,9% нәтижесімен жоғары баға алды. Бұл АІТО 9 моделін Қытайда өндірілетін барлық модельдердің арасында ең қауіпсіз автомобиль етіп отыр. АІТО 7 ең ірі Weibo желісінің пайдаланушыларының пікірі бойынша 2023 жылдың үздік автомобилі болып танылды» - деп белгіледі.

Әр АІТО иесі жеке көзқарасқа, сапалы қызмет көрсетуге және қолдауға сене алады. «Вираж» компаниясы премиум автомобильдер сегментінде жоғары қызмет көрсету стандартын жасай отырып, қазақстандық әуесқой автомобильшілердің брендке деген сенімін нығайтуға тырысады.

Қазақстанда АІТО автомобильдерімен алғаш рет танысқандардың бірі болыңыз. Толық ақпаратты бізбен +7 771 929 55 77 телефоны арқылы байланысып немесе Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 15 мекенжайы бойынша автосалонға келіп ала аласыз.

_______
*C-NCAP (China New Car Assessment Program) — қатаң бағалау стандарттарымен танымал автомобильдердің қауіпсіздігін тестілеу жөніндегі тәуелсіз қытайлық ұйым.

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+