Ақмола облысында ҚАИК индустриалды-технологиялық паркінің 2 және 3-ші кезегін іске қосу жоспарлануда.

"2021 жылы өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету, сондай-ақ жеткілікті қайта өңдеу критерийлерін орындау үшін біздің компания индустриялық-технологиялық парктің жалпы ауданы 12 000 шаршы метр болатын 2 және 3-ші кезектерінің құрылысын бастауға шешім қабылдады және бұл өндірістік қуатты жылына 10 000 бірлікке дейін ұлғайтуға, қосымша 200-ге жуық жұмыс орнын  құруға мүмкіндік береді", - деді "ҚАИК" ЖШС Бас директоры Олег Балыбин.

Бүгінгі таңда кәсіпорын 2 және 3-ші өндірістік модульдердің құрылысы мен жабдықталуына 3 млрд. теңгеден астам инвестиция құйды. Құрылыс қарқынды жүргізілуде және технологиялық процестің барлық талаптарына жауап беретін токарлық және дәнекерлеу аппараттары, лазер, фрезерлік станок және сандық бағдарламалық басқарылатын басқа да заманауи жабдықтар сатып алынуда.

 

 

Модульдердің бірі "Ростсельмаш" (ACROS және TORUM астық жинау комбайндары, RSM тракторлары) компаниясының өнімдерін лицензиялық құрастыруға толығымен қатыстырылады. Үшінші модульде Belarus тракторларын құрастыру үшін екі желіні орналастыру, сондай-ақ кабиналарды дәнекерлеу және бояу сияқты технологиялық процестерді орындау жоспарлануда.

Бұл жерде осы тракторларға аспалы және тіркемелі жабдықтар өндірісі орналасатын болады. 2020 жылы бірінші кезектегі зауыттың ағымдағы өндірістік алаңдарында 800-ден астам МТЗ тракторлары, 200-ге жуық энергияға қаныққан RSM тракторлары, 150-ден астам жоғары өнімді ACROS және TORUM астық жинайтын комбайндар және 2000-нан астам тіркеме және аспалы жабдықтар жиналды және сатылды.

 

 

Бүгінгі күні ауыл шаруашылық техникасы нарығын дамыту және агроөнеркәсіптік секторды ауыл шаруашылық техникасының жеткілікті санымен қамтамасыз ету Қазақстанның бүкіл экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруда негізгі рөл атқарады.

Сондықтан АӨК басым бағыт болып табылады, ал ауыл шаруашылық техникасын өндіру жөніндегі отандық компаниялар өз кезегінде республиканың экономикалық өсуіне елеулі үлес қосуда.

 

Толығырақ оқыңыз: https://www.nur.kz/politics/kazakhstan-economy/1929795-v-akmolinskoy-oblasti-rasshiryaetsya-proizvodstvo-selhoztehniki/

Другие новости

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+