ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барып, бірқатар өндірістік, әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралады: агроөнеркәсіптік кешеннің даму барысымен, денсаулық сақтау және инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың жай-күйімен танысты. Үкімет басшысы маңызды нысандармен қатар өңірдегі "Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы" ЖШС-да болды.
Әлихан Смайылов бүгінгі таңда Ақмола облысының алдында тұрған басым міндеттердің бірі - егіс науқанын сапалы әрі уақтылы аяқтау болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Премьер қазақстандық компаниялардың ауыл шаруашылығы техникасын шығарудың уақытылы және жаппай игерілуінің маңыздылығын оң бағалады. "ҚАИК" ЖШС Бас директоры Олег Балыбин үкімет басшысын өндіріспен таныстырып, жалпы ауданы 12 000 м2 құрайтын кәсіпорынның 2-3-модулінің құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысы туралы баяндаумен қоса, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін кеңейтудің болашақ жоспарларын іске асыру туралы бөлісті.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта ҚАИК әкімшілік-тұрмыстық кешеннің құрылысы жүзеге асыруда, онда автожуу кешені, қосалқы бөлшектер дүкені және сақтауға арналған қойма, сондай-ақ кеңсе бөлмелері іске қосылады. Нысанды іске қосу мерзімі- 2023 ж. , кәсіпорын шамамен 300 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді деп жоспарлануда.
- "Коронавирус пандемиясына және геосаясатқа байланысты экономикалық дағдарысқа қарамастан, біз өнімдерімізге сұранысты қамтамасыз ету үшін кеңеюді жалғастырудамыз, және, әрине, біз ҚР Үкіметі алдындағы міндеттемелерімізді ұмытпаймыз. Құрылысты қаржыландыру "Қарапайым заттар экономикасы"мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде елдің ірі банкі - Halyk Bank-тің қолдауымен жүзеге асырылады. Бұл біздің компания үшін нарықты қажетті ауыл шаруашылығы техникасымен қанықтыруға мүмкіндік беретін, аграршыларға өз паркін уақтылы жаңартуға, процестерді ретке келтіруге және бизнесті дамытуға көмектесетін үлкен жоба", - деп атап өтті ҚАИК бас директоры Олег Балыбин.
Нарықтағы отандық тракторлар мен комбайндардың үлесі 90% - ды құрайды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау бойынша жергілікті қамту жалпы алғанда шамамен 40% - ды құрайды. Осыған байланысты Премьер-Министр ауыл шаруашылығы техникасы өнімдерінің жергілікті қамту үлесін одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті @primeministerkz.