Ресми ашылуы 23 сәуірде сағат 10:00-де өтті.

Салтанатқа:

• ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Каиргазиевич Нагаспаев,

• Чех Республикасының Өнеркәсіп және сауда вице-министрі Мартин Фржелик,

• Қазақстан Машина жасаушылар одағы басқармасының Төрағасы Мейрам Кудайбергенович Пшембаев,

• Leipziger Messe International-дың Бас директоры Маркус Гайзенбергер,

• Astana Expo-ның Атқарушы директоры Куаныш Сакенович Канапьянов қатысты.

Көрменің іскерлік бөлігінің басты оқиғасы машина жасау саласының өзекті мәселелерін жүйелі шешудің басты үнқатысу алаңы -  Қазақстан Машина жасаушыларының XIII Форумы болды. Іскерлік бағдарламаның аясында компаниялар -  жетекші өнеркәсіптік ойыншылардың, салалық қауымдастықтар мен бейінді мемлекеттік институттардың басшыларының қатысуымен панелдік пікірсайыстарды, салалық конференциялар мен дөңгелек үстелдерді қоса алғанда барлығы 30-дан астам іс-шара болды.
 

Өз стендтерімізде біз ҚР-нда өндірілген техниканы (ҚАИК зауыты) таныстырдық:

— ТУРС-400-0 бар МТЗ Belarus 422.1

— ПСУ-2,0 бар МТЗ Belarus 1221.1

—МТЗ Belarus-тың кабинасын

— ПСУ-0,8 бар МТЗ Belarus 82.1

— ПРФ-145

— ПСТ-9

— МТЗ Belarus 892.2

Сонымен бірге «Соболь» және «ГАЗель» желісінің жаңа автомобилдері таныстырылды:
– Соболь NN 4x2;

– Соболь NN 4x4;

– Газель NEXT (бортты);

– Соболь 4x4 (бортты).

SEMAZ зауытының Dongfeng жүк көлігінің базасындағы өртсөндіру техникасының моделі де таныстырылды:
– Dongfeng BWC 1131CDG4, 4х4

Біздің мамандар әңгімелеп берді, көрсетті және қонақтардың сұрақтарына жауап берді — мұның барлығы қызу ықылас пен іскерлік қатынас ахуалында өтті. Көрме серіктестікті кеңейтудің, тәжірибемен бөлісу мен жаңа идеялармен шабыттанудың керемет мүмкіндігіне айналды!

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі, Қазақстан Машина жасаушылар одағы мен Astana Expo компаниясы болды.
 

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+