«Вираж» КТ«ДОМ» қоғамдық қорының АСБ бар балалар үшін Газель NEXT автобусын сатып алуына жәрдемдесті
2025 жылғы 28 қаңтарда ерекше қажеттіліктері бар 120 бала күнделікті негізде оқитын «Аутизмді Жеңеміз!» орталығына бензин қозғалтқышы бар он алты орындық Газель NEXT автобусын табыстау рәсімі өтті.
«Милосердие» Ерікті Қоғамы» Қоғамдық қоры 2006 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істеп келеді. «ДОМ» қорын бір-бірімен «Центр тяжести» интернет-форумында танысқан волонтерлер құрды. Қордың ең басты міндеті – көмектескісі келетіндер мен көмекті қажет ететіндер арасында «байланыстырушы буын» болу. Қор үш бағытта жұмыс істейді: «Балаларға өмір сыйла!» тұрақты акциясы, «Аутизмді Жеңеміз!» жобасы және «Қазақстан – жетімі жоқ ел» жобасы.
«Аутизмді Жеңеміз!» жобасы АСБ (аутистік спектрінің бұзылыстары) бар балаларға мамандандырылған көмек көрсету және оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелеріндегі жүйелік өзгерістерге бағытталған. Жоба аясында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен Алматы қаласында «Аутизмді Жеңеміз!» Орталығы жұмыс істейді, онда АСБ бар балаларға мамандандырылған кешенді көмек көрсетіледі.
Тұтас металл Газель NEXT автобусы – бұл тамаша үнемділікпен және функциялықпен үйлесетін заманауи келбет. Жанақтың жоғарылаған қаттылығы және автомобильдің күштік элементтерінің конструкциясына салынған бағдарламаланатын деформация аймақтары, сондай-ақ екі нүктелі қауіпсіздік белдіктері жолаушылар мен жүргізушінің қауіпсіздігінің жоғары деңгейіне кепілдік береді.
Базалық жиынтықталымына кіретіндер: рульдің гидрокүшейткіші, маршруттық компьютер, орталық құлып, сыртқы айналарды электр жылыту, реттемесі мен шынтақшасы бар жүргізуші орындығы, электр әйнек көтергіштері, аудиодайындау, қашықтағы БАҚ жетегі, салон сүзгісі, АBS бар тежеу жүйесі.
Стақан қойғыштар мен жылжытылатын басқыш өте пайдалы және балаларды тасымалдау кезінде зор артықшылық болады.
Аружан Сайын – қоғамдық қайраткер, «Милосердие» Ерікті Қоғамы» қоғамдық қоры мен «МектепOnLine» білім беру жобасының негізін қалаушы және директоры қордын атынан алғыс айтып: «Елеулі жеңілдік берген «ГазАвто Казахстан» ЖШС-не, микроавтобусты таңдау және ресімдеу кезінде бізге бей-жай болмай және ізгі ниетпен көмектескен Ескергенов Ермекке және орталық қызметкерлеріне жеке алғысымызды білдіреміз.
Енді бізде балаларымызды орталыққа және кері қарай, секцияларға, үйірмелерге және іс-шараларға апаратын 16-орындық микроавтобус бар. Ол бензинмен жүреді (!) бұл маңызды, себебі дизель өте қымбат тұрады, автобусымыз өте ыңғайлы және әдемі!», - деп қорытындылады.