Trade-In бағдарламасы — бұл сіздің көлігіңізді сатудың және бір уақытта жаңасын сатып алудың жылдам әрі сенімді әдісі. Қазақстанның барлық қалаларындағы дилерлік орталықтың сарапшылары автокөлікті клиентке ыңғайлы уақытта қабылдайды, оны бағалап, тиісті диагностикадан өткізеді, сондай-ақ одан әрі сату рәсімдерін жүзеге асырады.
Trade-In бағдарламасы бойынша акцияға ГАЗ, УАЗ, ПАЗ, МТЗ, FAW және BESTUNE сияқты жетекші брендтердің жеңіл және коммерциялық көліктері қатысады. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін пайдаланылған көлік несие мен лизингке алғашқы жарна ретінде берілуі мүмкін.
Бағдарламаға қатысу үшін бірнеше қолжетімді қадамдар қарастырылған:
- Бірінші қадам: өз көлігін жаңартқысы келетін сатып алушы тұрғылықты жері бойынша "Вираж" КТ филиалына жүгінеді.
- Екінші қадам: клиент өз көлігіне айырбастау үшін басқа көлікті таңдауы керек. Сауалнама мен ескі көлікті бағалауға өтінім толтырылады. *Trade-in бағдарламасы бойынша автокөлікті бағалау кезінде бағалар ескі машинаның техникалық жағдайына, оның орташа нарықтық құнына байланысты болатынын ескеру маңызды.
- Үшінші қадам: өтінімді толтырғаннан кейін машинаның диагностикасы мен жағдайын бағалау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша сатып алу бағасының құны анықталады.
- Төртінші қадам: бағалауды алғаннан кейін клиент көлік құнын кассада төлеу кезінде айырмашылық ретінде немесе несиеге жаңа көлік сатып алу кезінде алғашқы жарна ретінде.пайдалана алады.
- Бесінші қадам: "Вираж" КТ таңдалған филиалында жаңа немесе қолданыста болған көлік алу, бағалау, сатып алу және тіркеу бірнеше сағаттан бес жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.
Бағдарлама 15-қыркүйектен басталады. Trade-In бағдарламасына қатысты барлық сұрақтар бойынша «Вираж» автосалондарындағы менеджерлерге хабарласыңыз.