«ҚазАгроҚаржы» АҚ Жетісу өңіріндегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арналған Ашық есік күнін өткізді.

Наурыз мейрамына орайластырылған шара Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарай» учаскесінде өтті.

Шара алдында «ҚазАгроҚаржы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев 2025 жылы

жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша шамамен 300 миллиард теңге бөлінгенін, бұл өткен жылмен

салыстырғанда 50 миллиардқа көп екенін хабарлады. Ол соңғы бірнеше жылда қаржыландыру айтарлықтай

өскенін атап өтті: 40 млрд теңгеден 300 млрд теңгеге дейін.

Бағдарлама шарттары тартымды болып қала береді: сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%, лизинг мерзімі – 7 жылға дейін.

Өңірдің аграрлық шаруаларына SEMAZ-YTO жаңа ауыл шаруашылығы техникасының кілттері берілді.

Бұған дейін шаруалар субсидияны күтіп, қосымша шығынға батып, жылдық 22-24 пайызбен нарықтық шарттармен

техника сатып алуға мәжбүр болған. Енді шаруалар техниканы тез қабылдап, дала жұмыстарына бірден кірісе алады.

Жетісу өңірінде өткен жылы 7,7 миллиард теңге болса, биылғы жылы 15 миллиард теңгеге қаржыландыру жоспарланған.

Сондай-ақ шаруалар серіктестіктің аймақтық филиалының жұмысына оң бағасын беріп, қызметкерлердің іс қағаздарын

жүргізуге көмектесуге дайын екендігін, қарым-қатынаста ашықтығын атап өтті.

 

Шара соңы мерекелік дастарханға ұласып, қонақтар наурыз көже мен басқа да ұлттық тағамдардан дәм татты.


 

Другие новости

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+