"КомТрансЛизинг" ЖШС Лизингтің жаңа шарттары 15-ші қыркүйектен бастап қолданылады. "Вираж" компаниялар тобына кіретін "КомТрансЛизинг" ЖШС "Беларус" маркалы тракторға Қаржылық жалдау/лизинг бағдарламасының қайта басталғаны туралы хабарлады.

Ауыл шаруашылығы техникасына лизингтің жаңа шарттары осы жылдың 15-ші қыркүйегінен бастап еліміздің барлық өңірлерінде қолданылады.

Бағдарламаның шарты бойынша "Беларус" тракторларын лизингке "Вираж" компаниялар тобына кіретін өндіріс зауыттарынан сатып алуға болады. Сонымен қатар,  тракторға қажетті аспалы жабдықтарды ҚАИК өндіріс орынынан сатып алуға болады. Айта кетейік, "Беларус" бағдарламасының шарттары мәміле бойынша шешім қабылдаудың жедел мерзімдерімен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берудің мемлекеттік бағдарламаларының шарттарына ұқсас келеді.

Аталмыш бағдарлама бойынша қаржыландыру мерзімі "Комтранслизингтен" 3 жылға дейін, қосылған құн салығыны мөлшерлемесі – нөлге тең. Сатып алу шартын рәсімдеу үшін техника құнының 25% -нан бастап лизингке енгізу жеткілікті. Сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15%-ды құрайды. Сондай-ақ, бір жылға арналған трактор құнының 1,02% мөлшерлемесі бойынша автокөлікті сақтандыруды "НСК" акционерлік қоғамында рәсімдеу қажет.

Лизингке автокөлік сатып алу жеке тұлғалар үшін де, кәсіпорындар үшін де тиімді екенін атап өтеміз, өйткені ол несиелік және айналым қаражатын тартпай, жаңа автокөліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға мүмкіндік береді. Мұнда қосымша кепілді қамтамасыз ету талап етілмейді, лизинг бойынша сыйақы жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатады. Сондай-ақ, автокөлік лизинг алушының балансында негізгі құрал ретінде ескеріледі, сондықтан жанар-жағармай сатып алу, жөндеу жұмыстары, көлікті пайдалану шығындары да шегерімге жатады. Лизингтік компания есепке алу, көлік салығын төлеу, сақтандыру сияқты барлық құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын өз мойнына алады.

Сондықтан "Вираж" компаниялар тобы осыдан 10 жыл бұрын еншілес бөлімше – "КомТрансЛизинг" ЖШС құрды, бүгінде еншілес компания Қазақстанның ең ірі лизингтік компанияларының бестігіне кіреді. Бұл ретте автолизинг қызметі ГАЗ, УАЗ, МТЗ, ПАЗ, FAW брендтерінің барлық модельдік қатарын лизинге рәсімдеуде қолданылады.

"Беларус" бағдарламасының жаңа шарттары еліміздің көптеген шаруаларына егін жинау бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізуге көмектесіп, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жедел және тиімді шарттармен жаңартуға мүмкіндік береді. "КомТрансЛизинг" ЖШС лизингтік қызметтер нарығында белсенді орын алады. Бүгінгі таңда компанияның лизингтік портфелі шамамен 6 млрд теңгені құрайды, ал клиенттер саны 1200 бірлікті құрады. Олардың шамамен 40% - ы шағын және орта бизнес субъектілері. Бұл ретте клиенттердің 50% - ы компанияның қызметтерін қайта пайдаланушылар, бұл көрсеткіш тұтынушыларға арналған қызметтің пайдалылығы мен ыңғайлылығын көрсетеді.

 Тұтынушыларға арналған мөлшерлемені субсидиялау үшін "КомТрансЛизинг" ЖШС "DAMU" Қорымен тығыз жұмыс істейді. Орасан жұмыс тәжірибесі компанияға ең аз құжаттар пакетін талап ете отырып, клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалау бойынша жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Айта кеткен жөн, "КомТрансЛизинг" ЖШС-нің жалпы портфеліндегі мерзімінен өткен істер 1% - дан аз.

Осылайша, "КомТрансЛизинг" ЖШС республикадағы ауыл шаруашылығы техникасының тозған, қолданыстан шыққан паркін жаңартуға өз үлесін қосуда және шағын және орта бизнес үшін қосымша құралдарды енгізуді жоспарлап отыр. 
"КомТрансЛизинг" ЖШС Қазақстанның барлық өңірлерінде ұсынылған және "Вираж"ЖШС дилерлік орталықтарында орналасқан.

Другие новости

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+