Қостанай облысы Әулиекөл ауданданында зардап шеккен тұрғындардың "Бірлік" жаңа ықшам ауданындағы қоныс тойына дейін санаулы күндер қалды. Ауданда қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Әулиекөл ауданының тұрғындарына баспана кілттеерін салтанатты түрде табыстау қарсаңында "Вираж" компаниялар тобының өкілдері Аманқарай ауылында болып, зардап шеккен отбасылармен және жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесті. Компания баспанасы өртке түгел оранған отбасыларға барлығы 15 000 000 теңге көлеміндегі 91 бірлік тоңазытқыш сатып алды. Тұрмыстық техника жергілікті әкімдіктің гуманитарлық көмек беру бойынша қоймасына жеткізіліліп, жаңа үйлердің кілттері берілген күні иелеріне тапсырылады. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында Әулиекөл ауданының әкімі Ерлан Теменов жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы: орман алқабын қалпына келтіру  жұмыстарының барысы, жүргізіліп жатқан жол-жөндеу жұмыстары және аудан тұрғындары үшін инфрақұрылымды қалпына келтіру шаралары туралы хабардар етті.

Аманқарағай ауылының әкімі Байтемір Исмаилов күн сайын тұрғындармен кездесіп, шұғыл қажеттіліктерді біліп, ауыл тұрғындарына тұрмыстық мәселелерде атаулы қолдау көрсетуде. Өз кезегінде "Вираж" компаниясының өкілдері табиғи апат салдарынан үйлері толығымен жойлған отбасыларға атаулы сертификаттар табыс етті.

- Қостанай облысында орын алған қайғылы оқиғаға отандастарымыз әдеттегідей жұмыла атсалысты. Зардап шеккен отбасылардың қайғысына ортақтасқан жүздеген  жанашыр қазақстандықтармен қатар, "Вираж" компаниялар тобының басшылығы да  Әулиекөл ауданының тұрғындарына дереу көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Қайғылы жағдайдың ауқымын ескеріп және ауыл тұрғындарының өткір қажеттіліктерін зерттей отырып, компания барлық зардап шеккен отбасыларға 92 бірлік тоңазытқыш сатып алды. Тұрмыстық техника тұрғындар үшін жаңа қоныста ең қажетті құралдардың бірі боларына сенім білдіреміз. Біздің компанияның басты және басым міндеттерінің бірі - әлеуметтік жауапкершілік. Елдегі орын алған қиын қыстау жағдайларда  компания әрдайым көмекке мұқтаж жандарға  қол ұшын созып келеді, - деп атап өтті компанияның бас директоры Ермек Ескергенов.

Бұл ең алдымен азаматтық парызымыз бен әлеуметтік мәселеге бей-жай қарамайтын бизнестің барлық жанашашыр өкілдерін атсалысуға шақыру. Ауқымды залалды қалпына келтіруге өз үлесімізді қоса отырып, ортақ күш-жігерімізбен зардап шеккен ауданды және мұқтаж отандастарымызды тездетіп оңалтуға ықпал етеміз, - деген пікірде  компания өкілдері.

"ВИРАЖ" компаниялар тобының баспасөз қызметі

Другие новости

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+