2025 жылғы қаңтарда «Вираж» компаниялар тобы Қазақстанның магистралды темір жол желісінің ірі операторы «Қазақстан темір жолы» АҚ-на 8 «Газель NEXT» автобусын берді. «Газель NEXT» автобустарының сыйымдылығы 16 жолаушыға арналған модельдерін беру «Вираж» ЖШС-ның Қарағанды филиалының, "Aqtobe Motor Service" ЖШС-нің алаңында, сондай-ақ Қостанай, Семей және Алматы қалаларында өтті.
«Қазақстан темір жолы» — темір жол көлігі сервистері мен инфрақұрылымын біріктіретін ұлттық көлік-логистикалық холдинг, ол Қазақстан Республикасының Ұлттық тасымалдаушысы функцияларын орындайды. Компания 1997 жылы құрылған.
Бүгінгі таңда холдинг қызметінің басты бағыттары:
- магистралды темір жол желісі қызметтерін ұсыну;
- темір жолмен жүк тасымалдары;
- темір жолмен жолаушылар тасымалдары;
- жүк вагондарын басқару;
- теңіз көлігімен тасымалдар;
- халықаралық транзиттік тасымалдар және т.б.
«Газель NEXT» тобының автобустары — қауіпсіз әрі жайлы сапарлар үшін заманауи шешім. Барлық түрленімдері тасымалдауға арналған көлікке қойылатын қатаң талаптарға сәйкес келеді, тайғанауға қарсы еден жамылғысымен, есіктер ашылған кезде қозғалтқышты бұғаттаумен, жылдамдықты шектегішпен жарақталған. Салонда қол жүгіне арналған сөрелер қарастырылған. Көптеген қуыстар, жәшіктер мен бөліктер (аспаптар панелінде, басқыштың қабырғасының артында және жүргізушінің орындығының астында) жолда қажеттінің бәрін қол жететіндей етуге мүмкіндік береді.
Барлық дөңгелектерде дискілі механизмдері бар тежеу жүйесі жылдам және қауіпсіз тежеуге кепілдік береді.
Автомобилдің белсенді қауіпсіздік жүйелері апатты жағдайдың туындау қатерін жоюға бағытталған. «Газель NEXT» автомобилі базалық құрамында ABS бұғаттауға қарсы жүйесімен жарақталған.
«Газель NEXT» автомобилінде екі бөліктен құралған үлкен сыртқы айналар орнатылған, мұнда сфералық пішіндегі астыңғы айна шолу бұрышын ұлғайтуға және «өлі аймақтарды» азайтуға мүмкіндік береді.
Уақыт сынынан өткен Evotech 2.7 бензинді қозғалтқышы бар «Газель NEXT» автобустарының артықшылықтарының қатарына тиімді құнын жатқызуға болады.
Шынтақ тірегіші бар жүргізуші орындығында арқаны анатомиялық қолдау мен бес реттемесі бар. Руль бағаны еңкею бұрышымен ретке келтіріледі, ал бағанды жинаудың телескопиялық механизмі қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді.
«Шанақтың жоғары қаттылығы мен барлық NEXT автомобилдерінің күштік элементтерінің құрылмасына енгізілген деформациялаудың бағдарламаланған аймақтарының арқасында жүргізуші мен жолаушылар сапар кезінде сенімді қорғалатын болады деп сеніммен айтуға болады» дейді «Вираж» ЖШС-нің Қарағанды қаласындағы филиалының қызметкерлері.