ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігінің Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» РМК өз автопаркін  бортты және тұтастай металдан жасалған 22 «Соболь 4х4» автомобилімен күшейтті.


2025 жылдың қаңтарында «TaldyKorganAutoGroup» ЖШС-нің ресми дилерлік орталықтары мен «Вираж» ЖШС-нің Қарағанды филиалы 22 автомобилді «Вираж» ГК-нен «Қазсушар» РМК-нің Талдықорған және Қарағанды қалаларындағы автопаркіне жеткізіп берді.


Республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің негізгі мәні республикалық мәндегі су шаруашылығы объектілерін пайдалану, күтіп ұстау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ағын және ауыз суды беру болып табылады. Ұйым қызметінің негізгі мақсаты кешенді мақсаттағы гидротехникалық үймереттер мен су қоймаларын, Кәсіпорын теңгеріміндегі магистралды су құбырлары мен  өзге су шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары болып табылады.


Жеткізілген автомобилдер су шаруашылығы объектілері мен гидротехникалық үймереттерге қызмет көрсету үшін пайдаланылатын болады
Толық жетегі қосылатын және екі қатарлы кабинасы бар ықшам және маневрлі «Соболь» бортты автомобилдері алты адамды және жүкті тасымалдауға есептелген және жетуге жолы қиын аудандардағы кешенді мақсаттағы су қоймаларына қызмет көрсету үшін пайдаланылуы мүмкін. Жолда маневрленуі кілт бұрылу бұрышы мен шағын радиусын қамтамасыз етеді. Болат профилден жасалған, тоттануға қарсы материалдармен өңделген негіз ауыр жол жағдайларында пайдаланған кезде жоғары төзімділік пен ұзаққа жарамдылығын қамтамасыз етеді.
Жайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін алдыңғы жолаушы орындығының астында кабинаның ішкі ауасын пайдалану режимінде жұмыс істейтін қосымша жылытқыш орнатылған. Ол машина тіптен солтүстіктегі жағдайларда жұмыс істеген кезде де жайлы микроклиматты қамтамасыз етеді. Отырғызу қолайлы болуы үшін жүргізушінің орындығы еңкею бұрышымен ретке келтіріледі.

«Қазсушар» автопаркін тұтастай металдан жасалған жеті орынды «Соболь 4х4» фургоны толықтырады. Жолсыз жерді қоса алғанда, жамылғыларының түрі саналуан жолдармен жайлы жүруге арналған бұл ықшам жолаушы жүк фургоны су қоймалары мен гидротехникалық үймереттерге қызмет көрсету міндеттерін шешуге мүмкіндік береді.
Жүк бүйіріндегі ысырмалы есік немесе кеңінен ашылатын артқы есік арқылы тиеледі. Автомобилде бір жарым метрлік биіктігі мен жүк бөлігінің жалпы көлемінің арқасында тек көлемі шағын заттар ғана емес, сондай-ақ ірі заттар оңай жайғастырылады. Еденнің бойындағы такелаждық ілгіштер жүктерді мықтап бекітеді, арақабырғадағы люк өлшемі ұзын заттарды тасымалдауға мүмкіндік береді, ал басқыштары мен тұтқа жүк бөлігіне кіруді жеңілдетеді.

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+