2024 жылғы 15-17 мамыр аралығында Алматыда KIHE 2024 ғылыми және практикалық медицина және фармацевтика саласындағы 29-шы жыл сайынғы көрме өтті.
“Денсаулық сақтау” - KIHE Қазақстандық халықаралық көрмесі Орталық Азиядағы ғылыми және практикалық медицина мен фармацевтика саласындағы жетістіктердің ең ірі демонстрациялық алаңы болып табылады және жыл сайын түрлі мамандықтағы дәрігерлерді, фармацевтерді, түрлі елдердің билік және бизнес өкілдерін біріктіреді.
KIHE жобасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Алматы әкімдігінің, «Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» КММ, ҚР халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының, Еуразиялық медициналық қауымдастықтың, ҚР фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығының ресми қолдауымен өтуде.
Ұйымдастырушыларға және біздің стендке келгендердің барлығына үлкен рахмет!
Келесі көрмеде кездескенге дейін!