«Казахстанская Агро Инновационная Корпорация» ЖШС 2010 жылы құрылған және «Вираж» холдингінің еншілес кәсіпорны болып табылады, ол ауыл шаруашылығы, мамандандырылған және коммуналдық техниканы құрастыру мен жеткізу саласында жұмыс істейді.   

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында машина жасау саласында жетекші орын алады. Кәсіпорынның өндірістік қуаттылықтарында «УКХ «Бобруйскагромаш» ААҚ («ПРФ-145» орамды пішен тайлағыш-жинағыштар, трактор тіркемелері), «РОСТСЕЛЬМАШ» КТ (2000 сериялы РОСТСЕЛЬМАШ тракторлары, АCROS комбайндары, Тukan пішен тайлағыш-жинағыштары, Strige шөпшапқы машиналары), «Рубцовский завод» ЖАҚ (топырақ өңдейтін техника) зауыттарының техникасының кең спектрі өндіріледі. «Минский Тракторный Завод» ААҚ-мен Беларус тракторлар желісін құрастыру өндірісіне, түрлі дақылдарды жинауға арналған техниканы жеткізу үшін «Клевер» АҚ-мен лицензиялық шарт жасалды.   

«Казахстанская Агро Инновационная Корпорация» ЖШС 2016 жылы ауданы 6 га-дан асатын, Көкшетау қ., Северная промзона, 10 өткел, №6 мекен-жайында орналасқан индустриалдық-технологиялық парктің құрылысын аяқтады, жалпы ауданы 9 873 м2 болатын объект пайдалануға берілді, оның ішінде әкімшілік-өндірістік модульдің жалпы ауданы 8 874 м2, ангардың (суық қойма) жалпы ауданы 996 м2. Мұнда өндірістік алаңдардың, сервистік қызметтердің және логистикалық орталықтың функционалдығын қамтамасыз ететін компанияның орталық аппараты орналасқан. Кәсіпорын шығарылатын техниканың өндірісі мен номенклатурасын кеңейту бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.  

Қызмет барысында компания мемлекеттік сатып алуға белсенді қатысады және өзін шығарылатын техниканың сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті, осылайша сенімді тауар өндірушілер тізілімінде өз позициясын бекітті. Сондай-ақ, тұтынушылар сенімінің ең жақсы көрсеткіші Қазақстан Республикасындағы негізгі қаржы операторы және агроөнеркәсіптік жобалар болып табылатын «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен, «ҚДБ-Лизинг» АҚ-мен техниканы жеткізуге келісім-шарттар жасасу болып табылады. Шығарылатын өнімнің жоғары сапасы мен сервистік қызметтің жеделдігі тұтынушылардың сеніміне ие болуға және кәсіпорынның өсу серпінін арттыруға мүмкіндік берді. Техниканы өткізу «Вираж» тауар өткізу желісі (филиалдық желі Қазақстан Республикасының барлық қалаларында ұсынылған) арқылы жүзеге асырылады, ол Республиканың әрбір өңірінде сенімді және көпфункционалды техниканың қолжетімділігін қамтамасыз етті. 

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+