Автокөлік лизингіне мамандандырылған «КомТрансЛизинг» бөлімшесі бүгінгі таңда Қазақстанның ең ірі лизингтік компанияларының үштігіне кіреді. «КомТрансЛизинг»-ке жүгіне отырып, Сіз ГАЗ, УАЗ, Niva Chevrolet, МТЗ, ПАЗ, Foton, FAW автомобильдерінің барлық модельдік қатарын тиімді шарттарда бөліп төлеп сатып ала аласыз. 

2003 жылдан бастап 7000-нан астам жеке және 1000-нан астам заңды тұлғалар «КомТрансЛизинг» бөлімшесінің клиенттері болды. Клиенттердің жартысынан көбі компанияның қызметтерін қайта пайдаланды, бұл қызметтердің тиімділігі мен ыңғайлылығын білдіреді.   

Классикалық лизинг мәмілеге үш тараптың: лизинг берушінің, сатушының және лизинг алушының қатысуын қарастырады. «КомТрансЛизинг» компаниясынан лизинг әлдеқайда жеңіл және жылдам, өйткені бұл «Вираж» холдингінің еншілес компаниясы. 

Лизингтің артықшылығы - бүгінгі таңда ол кәсіпорындарға автотехниканы сатып алуға және автопарктерді жаңартуға, қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, сондай-ақ салықтық және операциялық шығындарды азайтуға нақты мүмкіндік беретін тиімді қаржы құралдарының бірі болып табылады. 

 
Автолизингтің негізгі артықшылықтары:
  • Автолизинг кәсіпорын автопаркін кезең-кезеңмен, қарыз қаражатын тартпай және айналым қаражатын аудармай, сондай-ақ қосымша кепілзаттық қамтамасыз етуді ұсынбай жаңартуға мүмкіндік береді. 
  • Лизинг бойынша сыйақы жылдық жиынтық табыстан шегерімге жатқызылады. 
  • Автокөлік лизинг алушының балансында негізгі құрал ретінде есепке алынады, сондықтан ЖЖМ сатып алу, жөндеу жұмыстары, көлікті пайдалану шығындары да шегеріледі. 
  • Автокөлікті пайдаланудың бірінші жылында амортизацияның екі еселенген нормасы есептеледі. 
  • Автокөлікті сатып алуға байланысты кеден рәсімдеуі, көлік салығын төлеу, МАИ-да рәсімдеу, көлікті сақтандыру сияқты барлық рәсімдіктерді жүзеге асырумен лизингтік компания толық айналысады. 
 
«КомТрансЛизинг»-тен автолизинг шарттары:
  • Шартты рәсімдеу – үш күн ішінде
  • Лизинг мерзімі – 48 айға дейін
  • Бастапқы жарна сомасы: құнының 20%-нан бастап  
  • Лизингтік төлемдерді төлеу тәртібі – жеке кесте бойынша 
  • Шарттарды автосалон менеджерлерінен нақтылаңыз 

Алматы
Райымбек даңғылы, 173
тел.:
+7 (727) 258-81-43, 259-64-63
ktl@virazh.kz
https://virazhktl.kz/

Филиалдардың мекен-жайлары

Оставаясь на нашем сайте, вы соглашаетесь с размещением файлов cookie на вашем компьютере. Если вы не хотите принимать файлы cookie, вы должны прекратить использование веб-сайта.

Заказать звонок

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Оставить заявку

Отправить


Ваши данные в безопасности и не
будут передаваться третьим лицам

+

Получить предложение

Отправить

+